Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Батыс Қазақстан облысы

«Желбіре, Жеңіс Туы!»

«Желбіре, Жеңіс Туы!»

Жуырда біздің балабақшамызда Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерей тойына арналған  «Желбіре,  Жеңіс  Туы» ертенгілігіміз өтті. 

Жас жеткіншектерді Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін  шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге – қызмет етуге,  адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатындағы шарамызда бүлдіршіндер залға жеңіс жалауларын ұстап «Жеңіс Туы желбіре» әнімен кірді.

Ертеңгілікте ортанғы «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Ел қорғауға әзірміз», «Жеңіс келді», «Шекарашы» туралы әндерін шырқады. Тәрбиешілер Бауыржан  Момышұлы, Қасым  Қайсенов,  Талғат  Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова мен Мәншүк Мәметова сынды ата-әжелеріміз жайлы естеліктер айтып, бейне баян көрсетті.  

Балалар қолдарындағы гүл шоқтарын «Мәңгілік алау» монументіне  барып батырларымызды  еске алып, бір минут үнсіздіктен кейін, гүлдерін қойды. Қыз балалар «Катюша», «Синий платочек» биін билеп, ұл балалар «Смуглянка», «Сарбаз» биін биледі. Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған тақпақтарын айтып, «Жалауды биікке көтер», «Орамал алу» түрлі ойындар ойындарына қызыға ойнады. Бүгінгі жас ұрпақ ардагерлерге тағзым ете отырып, әрдайым отан үшін құрбан болған жандарын жадыларында ұстайтынына мен кәміл сенемін.

басқа жаңалықтар