Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Батыс Қазақстан облысы

Баспасөз бала көзімен

Баспасөз бала көзімен

«Даналық бейсенбісі» деп аталатын аптаның әр бейсенбісі жүргізілетін жобада, ұлағатты тұлғалармен кездесу, сыр-сұхбат өткізу дәстүрге айналған.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы»-деп, бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»-деп, тектен тек айтылмаса керек. «Білім мен тәрбие егіз»-дегендей мектебімізде тәрбие саласында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушы-ата-ана-ұстаз болып, бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараймыз. «Даналық бейсенбісі» деп аталатын аптаның әр бейсенбісі жүргізілетін жобада, ұлағатты тұлғалармен кездесу, сыр-сұхбат өткізу дәстүрге айналған.

Осы жоспармен Бәйтерек ауданы, Щапов ЖОББМ қабырғасында «Самал» облыстық мұғалімдер мен оқушылар басылымының редакторы Сүндетов Жұмажан Қадимұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Самал» облыстық мұғалімдер мен оқушылар басылымының редакторы Сүндетов Жұмажан Қадимұлы газет сайтына қысқаша экскурсия өткізіп, оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға  басылымға мақалалар жариялау мүмкіндіктерін айтып кетті.

Оқушыларымызда  көкейде жүрген сауалдарын қойып, шынайы жауап алып, білімдерін шыңдап, Жұмажан ағайдың әр сөзінен үлкен әсер алғандары байқалды.  Оқушыларымыз Жұмажан ағайға «адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең - балалық шағы, сол балалық дәуреніңіз қалай өтті?, «сізді қалам ұстап, сыр шертетін ақындық өнеріңіз бар деп естідік, жалпы шабыт тұлпарына мінуіңізге не түрткі болды?», «бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?», «ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?», «мектепте оқып жүргеніңізде қандай үйірмелерге қатыстыңыз?», «бала кезіңізде қандай іске қызықтыңыз?»,  «бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз?», «балалық шағыңыздан есіңізде қалған бір естелігіңіз»,  «редактордың бойында қандай қасиеттер болуы керек?», «достықты қалай түсінесіз?», «редактор болып қалыптасуыңызда кімдер әсер етті?», «қазіргі таңда сізден тәлім алып жүрген шәкірттеріңіз бар ма?»-деген сияқты қызықты да, әсерлі сұрақтарын қойып, өздері шығарған шағын өлеңдерін оқып, ән шашуларын жолдады. Бірнеше оқушы өз жандарынан шығарған өлеңдерін оқып, соның ішінде Шағман Нұрхан мен Гайсин Алишер сынды оқушыларымыздың өлеңдері үздік деп танылып, «Өлеңге әркімнің бар таласы» номинациясы бойынша «Самал» газетінің дипломымен марапатталды. Жұмажан ағайымызбен өткен сыр-сұхбат оқушылардың бойында білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарытты. Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?-дегендей Жұмажан ағайдай ұлағатты да дана тұлғаларымы көп болсын. Бұл газет бүгінгі таңда оқушылардың асыға күтіп оқитын сүйікті басылымына айналды. Редакция ұжымына газеттеріңіздің оқырмандары көбейіп, жылдан-жылға сапасы жақсарып, жас оқырмандардың көңілінен шыға беруіне тілектеспін. Газет қызықты туындылардан ешқашан сарқылмасын, сүйіп оқыр оқырмандарыңыз көп болсын! Шығармашылық ізденіс, табыс тілейміз.

басқа жаңалықтар