Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Батыс Қазақстан облысы

Туған елдің туризімін дамыту басты бағыт

Туған елдің туризімін дамыту басты бағыт

Ақсай қаласының  №4 мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан мектептері арасында байқау өтті.

Жоба қорғау байқауының тақырыбы «Ақсай қаласын туризм ошағына айналдыру мәселесі». Байқауға  ауданымыздың  бес мектебі келіп қатысты. Олар: Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ-і, №5 ЖОББМ-і, №7 ЖОББМ-і, Ақбұлақ МБК-і, Тихонов МБК-і қатысты.

Қаланың экономикалық жағдайын жақсарту, шетелдік туристерді тарту, әлемге елді таныту, әлемдік  деңгейге көтерілу, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу, жаңашыл технологияны дамыту мақсатындағы бас қосуда ұстаздар ойларын ортаға салып, алдағы атқарылар мәселелер жайында ой өрбітті. Жоба қорғау байқауында төрешілік қызметті атқарған Жас туристер станциясының  музейтану бөлімінің меңгерушісі А.Сексенбавева, №4 ЖОББМ-нің география пәні мұғалімі Ж.Кенжегарина, №4 ЖОББМ-нің мұражай жетекшісі, география пәні мұғалімі А.Туысовалардың еңбектерін жоғары бағалады. Қорытындысында,  І орын Тихонов МБК-і, ІІ орын №7 ЖОББМ-і, ІІ орын Ақбұлақ МБК-і, ІІІ орын  № 3 ЖОББМ-і, №5 ЖОББМ-і ұжымдары иеленді.

басқа жаңалықтар