Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Батыс Қазақстан облысы

Рухани жаңғыру-тарихи сәт сауапты, Сауапты іске бәріміз де жауапты...

Рухани жаңғыру-тарихи сәт сауапты, Сауапты іске бәріміз де жауапты...

Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Елбасының осы келелі ой-арманын жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларына түсінік бере отырып, іс жүзінде жүзеге асыруға жол сілтеу мақсатында  3-сыныпта «Рухани жаңғыру: Менің болашаққа бағдарым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын оздырған болатынмын.  Себебі, біздің болашағымыз, еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары алдымызда білім алып жатырған бүлдіршіндер.

        Тәрбие сағатына сынып оқушылары түгел атсалысып, ұстаздар мен ата-аналар көрермен ретінде қатысты.  Бұл шараны өткізудегі  мақсат -Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру арқылы, ата-бабамыздың есімдерін жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» аясында қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнерін насихаттау, үштілділікті үйренуге қызығушылықтарын арттыру.  Тәрбие сағаты мемлекеттік Әнұранмен басталды.  Одан әрі шарамыз  үш бөліммен өрбіді. Алғашқы бөлімде оқушылар асықтарды таңдау  арқылы «Сағындық ата ауылы» және «Ахмедияр ата ауылы» болып екі ауылға бөлініп, ауыл үлкендерінің амандасу дәстүрін нақыл сөздермен өрнектеп жеткізе білді. Мектебіміздегі республикалық және халықаралық байқаулардың ғылыми жоба номенациясы   бойынша жеңімпаздары  10-сынып оқушысы Наргиза Жасталапова мен        6-сынып оқушысы Асанәлі Насибуллин  Ахмедияр Хұсайынов пен Сағындық  Ерешов аталардың өмірі мен еңбек жолдарымен таныстырып берді. 3-сынып оқушылары Қыдырәлі Айдарұлы мен Инабат Ізмағамбетқызы осы аталарға арналған арнау өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыды.Екінші бөлімде сынып оқушылар ұлттық ойындар туралы топтық жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар екі ауылдың жігіттері боп қол күштерін сынасты. Қол күшін сынауда «Ахмедияр ата ауылының» жігіттері басымдық көрсетті. Үшінші бөлімде оқушылар тағы да топтаса отырып Елбасының ұлағатты сөздерін құрап табуда білімдерін сынасты. Отан туралы өлең –жырларын оқып, ән мен биден шашу шашты.

басқа жаңалықтар