Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Батыс Қазақстан облысы

Қамқорлық аясында

Қамқорлық аясында

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде 2019 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

      Мақсаты әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер  бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Дәстүрлі қайырымдылық айлығы кезінде мектебімізде бүгінге дейін бюджет тарапынан аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына бір мезгілдік тегін тамақтану қамтылған.

      Қамқорлық акциясы аясында   «А.Т.Киматов» жеке серіктістігінен 30000 теңге қаржылай көмек көрсетіп, аз қамтылған және көп балалы отбасындағы балаларға оқу құралдар түрінде көмек берілді. Сіздердің көмектеріңіз балаларға қамқорлық пен көңіл бөлуге көмектесті, әкімшілік атынан алғысымызды білдіреміз.

      Балаларға қамқорлық – баршаның ісі.Өйткені сәби кезінен жақсы тәрбие, сапалы білім беру арқылы ғана біз олардың отансүйгіш азамат, білікті маман болып өсуіне ықпал етеміз. Ендеше, Сіз де қайырымдылық жасауға, ізгілік нұрын себуге асығыңыз!

басқа жаңалықтар