Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Батыс Қазақстан облысы

«Ел сенімі – жастар»

«Ел сенімі – жастар»

№16 кітапхана-филиалы биылғы «Жастар жылы» аясында «Ел сенімі - жастар» ток-шоу өткізді.

         Шараға Достық үйі жанында орналасқан «Жаңғыру жолы – Жастар жолы» ұйымының студенттері мен №46 орта мектебінің 11 «а» сыныбы, кітапхана меңгерушісі Сәрсенбаева Жұмагүл Сарсенбайқызы қатысты.                     

         Елбасы ел ертеңі жастарды үнемі қолдап, олардың дамуы үшін жағдай жасап келеді. Елбасы Жарлығымен 13-ші қарашада 2019 жыл  «Жастар жылы» деп бекітілді. Осы тақырыпқа орай биылғы жылы елімізде жастармен көптеген шаралар өткізіледі. Шара басталмас бұрын, оқырмандар ең алдымен кітапханамен танысып, кітап көрмелеріне шолу жасалды. Әрі қарай, «Жастар жылы» туралы жолдауға тоқталып, бейнеролик көрсетілді. «Жаңғыру жолы – Жастар жолы» ұйымының студенттері өздері туралы ақпаратпен бөлісе отырып, студенттік шаққа қадам басқалы отырған оқушыларымызға өздерінің кеңестерін берді. Шараға қатысушылармен «Бейдж» атты ойын-тренинг өткізілді. Тренингті өткізудегі мақсаты екі топтың атын қою және не себепті сол атты таңдағандарын қағазға бейнелеп салу арқылы айтып түсіндіру. «Сұңқар» және «Ақ жол» топтары болып екіге бөлініп, өзара қойылған сұрақтарға пікірлерін білдіріп, еліміздің дамуына қандай үлес қосуға болады және тағы басқа көптеген қызықты сұрақтар ортаға салынып, пікірталас оздырылды.                                   

басқа жаңалықтар